ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ 

ҚАУЛЫ 

Тараз қаласы                                  № 468                            14 наурыз 2018 ж.

 

Атқарушы органның кейбір
актілеріне өзгерістер туралы 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының             37-бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Келесі өзгерістер енгізілсін:

«Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №362 қаулысындағы «Ваедын Назымович Турсуновтың жеке меншік құқығындағы Тараз қаласы, М.Қойшыбеков көшесі, №115 жайдағы көлемі 0,1580 га жер учаскесін (кадастрлық нөмірі 06-097-013-230) мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын» деген бөлігіндегі:

мына:

«көлемі 0,1580 га»

деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын

«көлемі 0,0840 га».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Өмірзақовқа жүктелсін. 

 

Қала әкімі                                                                            Р.Дәулет